Categories Жайық news

Енді дәрігерге қол көтерсеңіз, ауыр жаза күтіп тұр: жаңа заңға Тоқаев қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін қорғайтын заңнамаға толықтырулар енгізді. Енді дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ведомство мәліметінше, жаңа норма олардың қызметтік міндетін атқару кезінде жасалған күш қолдануды аса ауыр қылмыс ретінде қарастырады. Бұған дейін мұндай әрекеттер тек бұзақылық ретінде бағаланатын.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заңдағы бұл өзгерістер тек медицина мамандарына ғана емес, бүкіл қоғамға қажет. Оның пікірінше, тиісті қорғау болмаса, тәжірибелі дәрігерлер қауіпсіздігіне алаңдап, мамандықтарынан бас тартуы мүмкін.

«Егер дәрігер соғылмаған, саусақтары сынбаған болса – ота жасауын жалғастыра береді. Бұл инфаркт алған әжеге немесе талмасы бар балаға дер кезінде көмек жетеді деген сөз», – дейді депутат.

Медқызметкерлерді қорғау не үшін маңызды?

Аймағамбетов шабуыл – бұл жай ғана жанжал емес екенін атап өтті. Ол – емделуге кететін уақытты кешіктіру, дұрыс диагноз қоймау, тіпті адам өмірінен айырылу қаупі.

«Қорғалған дәрігер – құтқарылған пациент. Бұл – бұлтартпас ақиқат», – деп қорытты ол.

Сенат бұл заң жобасын 2025 жылдың желтоқсанында мақұлдаған болатын. Қылмыстық кодекске жаңа 380-3-бап енгізілді. Ол медицина қызметкеріне және жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты күш көрсеткендерді қатаң жазалауды көздейді.

Соңғы 5 жылда 175 шабуыл тіркелген

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалған 175-тен аса шабуыл тіркелген. Сарапшылар мұндай оқиғалар саны артып жатқанын айтады.

Енді жаңа заң аясында мұндай әрекеттердің салдары ауырлайтыны белгілі болмақ, бұл өз кезегінде медицина саласы мамандарына сенімділік беріп, халыққа сапалы әрі дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік ашады.

Ұқсас жазбалар

Magnum қызметкері пышақты қарақшыны жалғыз өзі құрықтады

Астанада Magnum супермаркетінің қызметкері көрші дүкенге басып кірген пышақты қарақшыны жалғыз өзі құрықтап, полицияға тапсырды.

Mortgage broker and client discussing loan application with documents on table.

Несиесі көп қазақстандықтар назарына: Қарызды 5 жылға дейін шегеруге болады

Қазақстанда бірнеше несиесі бар азаматтарға қарызын 5 жылға дейін шегеруге мүмкіндік берілуі мүмкін. Жаңа ереже…

Қарлы боран мен көктайғақ: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде қарлы боран, көктайғақ және қатты жел болатынын ескертті. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр…