Трамп Польша әуе кеңістігін бұзған Ресей дрондарына қатысты пікір білдірді

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Ресей дрондарының Польша әуе кеңістігін бұзғаны туралы хабарларға үн қатты. Ол Truth Social желісіндегі парақшасында:

«Ресей Польша әуе кеңістігін дрондармен бұзғаны не жағдай? Міне, басталды!»
— деп жазды.

 

Сонымен бірге, Трамп Польша президенті Кароль Навроцкиймен телефон арқылы сөйлесіп, орын алған оқиғаны жеке талқылап жатыр.

Newsweek басылымының жазуынша, Трамптың бұл реакциясы жағдайдың бетбұрыс сәтіне айналуы мүмкін. Өйткені Польша – НАТО одағының мүшесі, ал альянстың шарттарына сәйкес, оған төнген кез келген қауіпке АҚШ та жауап беруге міндетті. Бұл жағдай Вашингтонды Мәскеуге қатысты қатаң ұстанымға көшуге итермелеуі ықтимал.

Ұқсас жазбалар

Трамп Ұлттық ғылыми кеңесті таратып жіберді: мүшелер қызметінен босатылды

Трамп әкімшілігі Ұлттық ғылым қорын бақылайтын тәуелсіз кеңес мүшелерін қызметінен босатты.

Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жол жөндеуге жабылады

Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жол жөндеуге жабылады. Жүргізушілерге балама жолдарды пайдалану…

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжам жасады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде күн жылы болып,…