БҚО-да тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бойынша заңнамалық жаңашылдықтар түсіндірілді

Батыс Қазақстан облысы қалалық әкімдігінде Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қ. Мыңбаевтың төрағалығымен кеңес өтті. Оған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі М. Абдыкаримов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қ. Өмірәлиев, қалалық және аудандық ТҮКШ бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ қаладағы ПИК және МИБ төрағалары қатысты.

Кеңес барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Тұрғын үй қоры дамыту басқармасының бас эксперті С. Саурыкова онлайн форматта заңнамадағы жаңалықтарды баяндап, МИБ және ПИК төрағалары мен қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.

Заңнамадағы негізгі өзгерістер мыналарды қамтиды:

МИБ, ПИК және ЖШС секілді барлық заңды тұлғалардың есептілігін белгіленген мерзімде және толық көлемде ұсынуын қамтамасыз ету;

Әрбір көппәтерлі тұрғын үй бойынша жеке ағымдағы есеп жүргізу және қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастыру;

Уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылауды күшейту;

Цифрлық құралдарды (электронды дауыс беру, онлайн-бухгалтерия және т.б.) қолдану мүмкіндіктерін кеңейту және олардың дамуына ықпал ету.

Кеңес барысында тұрғын үй-коммуналдық саланың мамандары жаңа ережелерді тиімді пайдалану жолдарын талқылап, тұрғын үйлердің басқару сапасын арттыруға бағытталған шараларды үйлестіруде тәжірибе алмасты.

Сурет: видеодан скрин БҚО әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Тірі жүріп, өлік тізімінде жүрген: БҚО-дағы құжаттық қателік оқиғасы

Батыс Қазақстан облысында бір әйел анасының қайтыс болғаны туралы анықтама алуға барғанда, өзінің де өлім…

АҚШ президенті Трамп журналистер кешінде атыстан кейін эвакуацияланды

Вашингтонда журналистерге арналған кеште атыс болып, АҚШ президенті Дональд Трамп қауіпсіз жерге шұғыл эвакуацияланды.

Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту: мерзімі белгілі болды

Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Жоба жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға…