Categories Жайық news

Денсаулық сақтау саласын дамыту – облыстың әлеуметтік дамуының маңызды бөлігі  

2023 жылдан бастап облыста денсаулық сақтау саласын дамыту қарқынды жүргізілуде. Осы кезеңде 52 жаңа медициналық объект салынды. Атап айтқанда, «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 50 медициналық нысан пайдалануға беріліп, Президент тапсырмасы толық орындалды.

Ағымдағы жылы Казталов және Бөрлі аудандарында ауданаралық ауруханаларды салу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл өңірдегі медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Соңғы үш жыл ішінде денсаулық сақтау саласына 442 дәрігер тартылды, олардың 236-сы ауылдық жерлерге жіберілді. Бұл ауылдағы медициналық кадр тапшылығын азайтуға және халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Саланың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 10,1 млрд теңге бөлініп, шамамен 1094 заманауи медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Нәтижесінде, облыстың медициналық жабдықталу деңгейі 83,8%-ға жетті.

Жалпы алғанда, денсаулық сақтау саласындағы жүргізіліп жатқан кешенді шаралар халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мен ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылымды нығайтуға зор үлес қо суда.

 

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…