БҚО-да Құрбан шалуға арналған орындар белгіленді

Батыс Қазақстан облысында биылғы Құрбан айт мерекесі қарсаңында құрбан шалуға арналған арнайы орындар анықталды. Бұл туралы ӨКҚ ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Әлібаев хабарлады. Сондай-ақ баспасөз мәслихатына облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Ерболат Исан қатысты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілінің мәліметінше, Құрбан айт мейрамы биыл 6 маусым күні басталып, үш күнге созылады. Қасиетті мейрамға орай өңірде дайындық жұмыстары жүргізіліп, құрбандық шалуға санитарлық-ветеринарлық талаптарға сай келетін үш арнайы орын белгіленді:
• “Ел-ырысы” базары (Орал қаласы)
• “Кублей” мал сою орны (Орал қаласы маңы)
• “Батыс Адал-Ет” сою кешені (Зашаған кенті)
Шалғайдағы немесе іссапардағы азаматтарға қолайлы болу үшін QURBAN2025.kz ресми сайты арқылы онлайн құрбан шалуға мүмкіндік жасалған.
Мереке күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында барлық мешітте жергілікті полиция, төтенше жағдайлар, жедел жәрдем және ішкі саясат қызметтері кезекшілік атқарады. Сонымен қатар мал сою орындарында санитарлық тазалық, өрт қауіпсіздігі және құрбандық шалу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
ӨКҚ-ақпарат

Ұқсас жазбалар

Тоқаев: Түркі елдерінің бірлігі – алмағайып замандағы басты тірек

Президент Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде алмағайып кезеңде түркі елдерінің бірлігі маңызды екенін айтты.

Түркі лидерлері Түркістанда: Ясауи кесенесіне зиярат жасады

Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, бірлік пен рухани ортақтықты паш…

Түркі тарихын біріктіретін AI-платформа: Президенттің жаңа ұсынысы

Президент түркі елдерінің саммитінде ортақ тарихты зерттейтін AI-платформа мен IT-хаб құруды ұсынды.