Categories Жайық news

Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы өмірден озды

84 жасқа қараған шағында Қазақстанның тұңғыш мүфтиі, көрнекті дін қайраткері Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүние салды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Рәтбек Нысанбайұлы 1975 жылы Ливиядағы университетті үздік бітіріп, елге оралған соң дін саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын (ҚМДБ) құруға атсалысқан бастамашыл топтың қатарында болды.

Тұңғыш мүфти араб, ағылшын және неміс тілдерін қоса алғанда, жеті тілді еркін меңгерген. ҚМДБ төрағасы қызметіне кіріскеннен кейін ол халықтың діни сауатын ашуға ерекше көңіл бөліп, діни ағартушылықпен белсенді айналысты. Оның басшылығымен Түркия мен Мысырда білім алған 600-ге жуық имам даярланды.

Рәтбек қажының ең елеулі еңбектерінің бірі – қасиетті Құран Кәрімді қазақ тіліне аударту ісі. Оның бастамасымен 1991 жылы Құранның қазақша нұсқасы 200 мың данамен басылып шықты. Сондай-ақ ол 15 кітаптың авторы.

Ел аумағында 68 мешіттің бой көтеруіне ықпал еткен. 1992 жылы өткен Қазақстан мұсылмандарының екінші Құрылтайында мүфтиді өмір бойы сайлау туралы ереженің күшін жоюға келісім берген.

Соңғы жылдары Алматы облысы Есік қаласында тұрып, жергілікті мешітте имамдық қызмет атқарып, асылтұқымды жылқы өсірумен айналысқан. 2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталды.

Фото: Ұлысмедиа

Ұқсас жазбалар

Оралда әйел жеке суреттерді таратпау үшін ер адамнан 500 мың теңге бопсалаған

Оралда 31 жастағы әйел ер адамнан жеке суреттерін таратпау үшін 500 мың теңге бопсалаған. Ол…

Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен ұсталды: Абай аудандық бөлімінің қызметкері қамауда

Оралда Абай аудандық полиция бөлімінің 25 жастағы қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде кәмелетке толмаған қызды…

В Уральске прошёл инвестиционный форум «Капитал роста: новые возможности региона»

В Уральске прошёл инвестиционный форум «Капитал роста: новые возможности региона», организованный акиматом Западно-Казахстанской области и…