Тоқаев Оңтүстік Африка президентін Бостандық күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафосаға құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам – Бостандық күнімен құттықтады. Тоқаев Оңтүстік Африканың тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін атап өтті.

«Оңтүстік Африка халқының бостандық пен теңдікке деген ұмтылысы – бүкіл әлемге үлгі», – делінген жеделхатта.

Қазақстан президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Түрік бизнесі Қазақстанға 6 млрд доллар салды – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентімен кездесу қорытындысы бойынша түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанға 6 миллиард доллар инвестиция салғанын…

Қазақстан мен Түркия: энергетикадағы жаңа бірлескен жобалар

Қазақстан мен Түркия энергетика саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Мемлекет басшысы Түркия Президентімен келіссөз…

Тоқаев пен Ердоған: БҰҰ рөлін күшейту жолында бірге

Тоқаев пен Ердоған БҰҰ рөлін күшейтуге уағдаласып, «Zero Waste» жобасын қолдады. Тараптар сауда және қауіпсіздік…