Categories Қаржы

Қазақстанға келген туристер саны 15,7 млн-ға жетті: сарапшы сапаға назар аудару керек дейді

2025 жылы Қазақстанға шетелден 15,7 миллион турист келген. Бұл былтырғыдан 400 мың адамға көп, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Туризм саласының сарапшысы Жансая Ғаниқызының айтуынша, сандық көрсеткіштерді қуудан гөрі сапаға мән беру маңызды.

Біз туристерге қызмет көрсету деңгейін көтеруіміз керек. Әйтпесе, келушілер саны көбейгенімен, олардың қайта келу ықтималдығы төмендейді, – дейді ол.

Сарапшы инфрақұрылымды жақсарту, гидтердің біліктілігін арттыру және қызмет бағасын реттеу қажет екенін атап өтті. Әсіресе, Батыс Қазақстан аймағының туристік әлеуетін толық пайдалану керек.

Ұқсас жазбалар

Отандық өнімдерге артықшылық: маркетплейстерде «Қазақстанда жасалған» белгісі пайда болады

Қазақстандық маркетплейстерде енді «Қазақстанда жасалған» деген арнайы белгі пайда болады. Бұл отандық тауарларды онлайн саудада…

Астанадағы LRT құрылысына 803 млрд теңге жұмсалды: неге сонша қымбат?

Астанадағы LRT жобасына 803 млрд теңге жұмсалды. Жүйе әлі іске қосылған жоқ, сынақ жұмыстары жүріп…

Диқандар биыл дизельді 263 теңгеден алады, бірақ баға өзгеруі мүмкін

Биыл егін шаруашылығына арналған дизель отынының бағасы литріне 263 теңге болып бекітілді. Алайда өңірлік операторлардың…