Рафаэль Уразбахтин: «Реалдың» осал тұстарын таптық»

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин тарихи матч алдында пікір білдірді:

> «Команда үшін де, ойыншылар үшін де, бапкерлер үшін де бұл – тарихи ойын. „Реал“ секілді клубтың Алматыға келгеніне қуаныштымыз. Мадридтіктердің соңғы бес матчын және „ПСЖ“-ға қарсы өткен әлемдік ойындарын мұқият қарадық. „Атлетикоға“ қарсы кездесудегідей сәтсіздіктер де болып тұрады. „Реал“ сияқты азулы клубтың осал тұстары көп емес, бірақ біз бақылап, кейбір минустарын таптық. Оны пайдалана алу – біздің міндет», – деді ол.

 

Сонымен қатар Уразбахтин Хаби Алонсоның жанкүйері екенін, «Байердің» ойындарын жиі көретінін атап өтті.

Чемпиондар лигасының 2-туры:
«Қайрат» – «Реал Мадрид»
30 қыркүйек, 21:45, Алматы, Орталық стадион.

Ұқсас жазбалар

Астанада LRT осы демалыста жолаушыларға жол ашады

Астанада LRT жүйесі 16–17 мамырда іске қосылады. Жолаушыларға алғашқы кезеңде тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстанда ауа райы құбылмалы: синоптиктер не дейді?

Бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы: кей өңірлерде қар жауып, тұман түседі. Батыс Қазақстанда жел күшейіп,…

Үш күнге ауа райы болжамы: суық антициклон әлі де кетпейді

Антициклон суық ауа массаларымен толығып, алдағы үш күнде де Қазақстан аумағында өз әсерін сақтайды.