Categories Жайық news

Денсаулық сақтау министрлігі: Үндістанның қауіпті препараты сатылымнан алынды

Қазақстанда үндістандық «Desilmax» препаратын медициналық мақсатта қолдануға және сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы тиісті бұйрыққа қол қойды.

Бұл шектеу жарамдылық мерзімі 2026 жылдың шілдесінде аяқталатын «BSE92301A» сериялы таблеткаларға қатысты. Дәрі-дәрмекті Үндістанның «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» компаниясы шығарады.

Тыйым салуға «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» хаты мен зертханалық сынақ хаттамасы негіз болған.

Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Ұқсас жазбалар

Жайық бойында 11 мың киік қырылды: себебі не?

Қазақстанда 26 мың киік қырылды, оның 11 мыңы Батыс Қазақстан облысында. Себебі – ауа райының…

Оңтүстікте су тапшылығы: лимиттер қысқарды, халық не істеуі керек?

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су тапшылығына байланысты су пайдалану лимиттері қысқартылды. Министрлік суды үнемдеуге шақырады.

12 мамырда ауа райы құбылмалы: Батыста шаңды дауыл, солтүстікте үсік күтіледі

12 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: батыста шаңды дауыл, солтүстікте үсік күтіледі.