Кендірліде жаңа әуежай 2027 жылы жолаушы қабылдайды

Кендірлідегі жаңа әуежайдың құрылысы 2027 жылы аяқталады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары алдағы жылдары басталады деп күтілуде.

«Жаңа әуежай аймақтың туристік әлеуетін арттырып, халықтың қозғалысын жеңілдетеді. Біз жобаны уақытылы іске қосу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз», — деді Нұрлан Сауранбаев.

Кендірлі — Каспий теңізінің жағасында орналасқан демалыс аймағы. Жаңа әуежайдың ашылуы осы өңірге келетін туристер санын едәуір көбейтеді деген болжам бар.

Ұқсас жазбалар

Абай облысының жылу желілеріне 2,5 млрд теңге: үкімет резервінен бөлінді

Үкімет Абай облысының тозған жылу желілерін жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлді. Бұл қаражат Мемлекет басшысының…

Тоқаев Аустрия министрлерімен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрияның еуропалық және халықаралық істер министрі Беате Майнль-Райзингер мен ішкі істер министрі…

Президенттен Әсем Орынбайға құттықтау: стенд атудан әлемдік рекорд жаңарды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев стенд атудан Әлем кубогінде жеңіп, рекорд жаңартқан Әсем Орынбайды құттықтады.