Categories Жайық news

45 млн теңге шығын келтірген: Испания қашқын кеденшіні Қазақстанға берді

Үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған бұрынғы кеден қызметкерін Испания билігі Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қазақстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, күдікті 2020 жылы қызметтік жалғандық жасау және сыбайлас жемқорлық арқылы мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген.

«Ол сегіз автокөлікті кедендік баж салығынан заңсыз босатқан. Осы әрекетінің салдарынан мемлекет қазынасына 45 миллион теңгеден астам шығын келтірілді», – делінген ресми хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеуден жасырынып, үш жыл бойы бой тасалап келген. Нәтижесінде оған халықаралық іздеу жарияланып, Испанияның Барселона қаласында ұсталды.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты сот үкімі шықса, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ОРАЛДА КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Орал қаласында конфессияаралық келісімді нығайту мен діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған YNTYMAQ комьюнити орталығы пайдалануға…

QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда

Қостанай қаласында жылдың ең ірі отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі — «QOSTANAI TECH» өз жұмысын жалғастыруда. Ауқымды…

Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік  

Батыс Қазақстан облысында полицейлер қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыруға қатысты заң талаптарын кеңінен түсіндіруде. Бұл мәселе…