Categories Ақорда

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Сурет:Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы кезекті отырысына қатысты.

Жиынға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық одақтың алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері мен басым бағыттары талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар Одақтың қазіргі қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Ұқсас жазбалар

Президент мектептерде су мен жарықты үнемдеуді насихаттауды тапсырды

Президент білім ордаларында су мен қуат көзін үнемдеу, экологияны қорғау бастамаларын енгізуді тапсырды.

Қаңғыбас иттерден балалар мен ересектер зардап шегуде: Президент не деді?

Қазақстанда қаңғыбас иттердің шабуылынан балалар мен ересектер зардап шегуде. Президент бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп,…

Қазақстанда креативті индустрия экономиканың жаңа тірегіне айналады

Президент Креативті индустрия қорына барып, саланы экономиканың жаңа бағыты ретінде тану кезеңін бастады.