Categories Жайық news

Тарихта бірінші рет: Украина сарбаздың орнына роботтарды шабуылға жіберді

Украина қарулы күштері соғыс тарихында алғаш рет жаяу әскердің қатысуынсыз, тек роботтар мен дрондардың көмегімен Ресей позицияларына шабуыл жасап, тіпті тұтқын да алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

CNN телеарнасының хабарлауынша, Украина майдан даласында роботтандырылған технологияларды бұрын-соңды болмаған деңгейде қолданып жатыр. 3-ші жеке шабуылдаушы бригадасының «NC13» бөлімшесінің командирі Николай «Макар» Зинкевичтің айтуынша, бұл технологиялық артықшылық – адами ресурсты сақтаудың жалғыз жолы.

«Біз қарсыластан сан жағынан ешқашан басым болмаймыз. Сондықтан бұл артықшылықты технология арқылы алуымыз керек», – дейді ол.

Зинкевич тарихта тұңғыш рет қарсылас позициясы тек роботтар мен дрондардың күшімен алынғанын атап өтті. Қазір жерүсті дрондары шабуыл кезіндегі үйреншікті құралға айналған. Мысалы, пулемет орнатылған бір ғана робот 45 күн бойы ресейлік әскердің шабуылын тоқтатып тұрған.

Украина президенті Владимир Зеленский соңғы үш айда роботтар мен дрондардың 22 мыңнан астам әскери тапсырманы орындағанын мәлімдеді. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі майдан шебінде 15-20 шақырымдық «жою аймағын» құрып, логистика мен әскери операцияларды барынша автоматтандыруды көздейтін жаңа стратегияны іске қосты.

Алайда әскери сарапшылар мен командирлердің өздері қаруды толықтай жасанды интеллектіге сеніп тапсыруға әлі ерте екенін ескертеді.

«Ең соңғы шешімді бәрібір адам қабылдауы тиіс. Қаруды толықтай жасанды интеллектінің еркіне бере аламыз ба?» – дейді командир.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…

Теміртауда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан: қылмыстық іс қозғалды

Теміртауда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Астанадағы А.Байтұрсынұлы көшесі 24-27 сәуірде жабылады

Астанадағы А.Байтұрсынұлы көшесінің бір бөлігі 24-27 сәуірде көлік қозғалысы үшін жабылады.