Categories Жайық news

Елена Рыбакина Майамидегі ірі турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Төртінші айналымда отандасымыз америкалық теннисші Мэдисон Кизбен кездесті. Бір сағат 25 минутқа созылған тартысты матч 6:3, 7:5 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. Осылайша, Рыбакина Майами турнирінде қатарынан екінші жыл ширек финалға шығып отыр.

Енді ол жартылай финалға шығу үшін грекиялық спортшы Мария Саккаримен кортқа шығады. Бұған дейін теннисшілер өзара үш рет кездесіп, екеуінде Саккари, біреуінде Рыбакина жеңіске жеткен.

Майамидегі турнирдің жеңімпазы 1000 рейтингтік ұпай мен 1,1 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Туризм және спорт министрі…

Жалаңаш фото жіберген: Қазақстанда бала саудагерлеріне қатысты сот үкімі шықты

Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары кәмелетке толмаған балаларды сатып, олардың суреттерін шетелдіктерге жібергені үшін сотталды.