Categories Ақорда

Мұрат Нұртлеу мен Лавров келіссөз өткізді

Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртлеу мен Сергей Лавров келіссөздер өткізді, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртлеу Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің Чолпон-Ата қаласында өтетін отырысы қарсаңында Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу өткізді», – делінген жексенбі күні таратылған хабарламада.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешегінтранзиттік-көлік, энергетика салаларындағы әріптестікті, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.

«Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесін нақтылады», – деп толықтырды Қазақстан СІМ.

Ұқсас жазбалар

Президент әлем чемпионын құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады – Бибісара…

Биыл Мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясаттағы жұмысы қарқынды болды

Сурет: Ақорда 2025 жыл Қазақстан үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда маңызды кезең ретінде есте қалды.…

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

Сурет:Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап,…