Categories Жайық news

АҚШ Украинаға Қазақстанға қатысты ескерту жасады: Новороссийск портында не болды?

АҚШ Украинаға Новороссийск портындағы америкалық экономикалық мүдделерге, соның ішінде Қазақстан арқылы тасымалданатын мұнайға қатысты нысандарға соққы бергені үшін дипломатиялық ескерту жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Украинаның АҚШ-тағы елшісі Оксана Стефанишина CNN арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр қарашада Украина қарулы күштерінің шабуылынан кейін АҚШ Мемлекеттік департаменті Киевке ресми түрде ескерту жолдаған.

«Бізге Украинаның Новороссийскіге жасаған шабуылдары Қазақстан арқылы жүзеге асатын кейбір америкалық инвестицияларға әсер еткені туралы ақпарат жетті. Содан кейін Мемлекеттік департаменттен америкалық мүдделерге шабуыл жасаудан аулақ болуымыз керегін естідік», – деді елші.

Еске сала кетейік, былтыр қарашада Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) айлақтарының біріне соққы жасалған болатын. Салдарынан мұнай жөнелту уақытша тоқтап, Қазақстан экспорттық тасымалдарын балама бағыттарға бұруға мәжбүр болды.

Фото: cpc.ru

Ұқсас жазбалар

Елордадағы зәулім үй өртенді: 15-қабаттан үш баланың денесі табылды

Астананың Есіл ауданындағы көпқабатты үйде өрт болып, үш бала қаза тапты. Тағы бір әйел күйікпен…

Тоқаевқа жақсы жаңалық: Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5,5% өсім көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басшысымен кездесті. Банк Қазақстанның ІЖӨ өсімін биыл 5,5% деңгейінде…

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…