Categories Жайық news

ШҚО-да ЖШС басшысы 1 млрд теңгеге заңсыз кен өндіріп, байып кеткен

Шығыс Қазақстан облысында серіктестік басшысы 1 миллиард теңгеден астам сомаға пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені әшкере болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Шемонаиха ауданындағы «Глинковское» кен орнында құрамында темірі бар тау-кен массасын заңсыз өндіруге қатысты тергеу аяқталды. Анықталғандай, ЖШС басшысының тек геологиялық барлау жұмыстарына ғана лицензиясы болған. Алайда ол осы рұқсатты желеу етіп, кенді өндіріп, өңдеп, оны Қазақстан ішінде және Қытайға сатып келген.

Тергеу мәліметінше, заңсыз өндірілген өнімнің жалпы көлемі 70 мың тоннадан асқан. Күдіктінің бұдан тапқан табысы 1 миллиард теңгеден көп.

Ол заңсыз ақшаға Алматыдан бизнес-орталық, пәтер, екі жер телімі мен көлік тұрағын және Land Rover көлігін сатып алған. Сот санкциясымен күдіктінің барлық мүлкіне тыйым салынды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Тоқаевқа жақсы жаңалық: Қазақстан экономикасы биыл кемінде 5,5% өсім көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басшысымен кездесті. Банк Қазақстанның ІЖӨ өсімін биыл 5,5% деңгейінде…

ДАРИЯН АУЫЛЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ЖОЛ АШЫЛДЫ

100 жылдан астам тарихы бар Дариян ауылында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған кешен болмаған еді. AMANAT…

Металл бұйымдардан лофт жиһазына дейін: ауылдағы кәсіпкерліктің дамуы

Батыс Қазақстан облысының Жалпақтал ауылында шағын кәсіпкерлікті қолға алған ауыл тұрғындарының қатары жыл санап артып…