Categories Жайық news

Бурабайда ит атам деп, әріптесін атып тастады

Ақмола облысының Бурабай ауданында кәсіпорын қызметкері қаңғыбас иттерді атпақ болып, байқаусызда әріптесін жаралады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға кәсіпорын аумағындағы қаңғыбас жануарларға «аңшылық» жасау кезінде болған. Ер адам итті көздеп атқан оғы мүлт кетіп, жанында тұрған әріптесінің аяғына тиген.

Зардап шеккен азамат шұғыл түрде Бурабай аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр, өміріне төнген қауіп жоқ.

Бұл дерекке қатысты полиция бірден екі бап бойынша, яғни «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру» және «Жануарларға қатыгездік көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқ атылған қару тәркіленіп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

A detailed vintage globe showcasing northern regions with visible longitude and latitude lines.

Қазгидромет: Елдің бір шетінде +7 жылы, екінші жағында -21 аяз болады

«Қазгидромет» 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің батысында +7 градусқа дейін жылы болса,…

Қазақстан санкцияға іліккен «ЛУКОЙЛ» үлесін сатып алу үшін АҚШ-қа хат жолдады

Энергетика министрі Ерлан Әккенженов Қазақстанның «ЛУКОЙЛ» компаниясының бірлескен жобалардағы үлесін сатып алу үшін АҚШ-қа хат…

АҚШ Иранға соққы берудің үш жолын қарастыруда: Трамп соңғы ескертуін жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға келісімге келуге аз уақыт қалғанын ескертті. Ақ үй соққы жасаудың…