Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3000-ға жуықтады

Сурет: Анадолы

Венесуэлада соңғы күндері болған екі қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 954 адамға жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Елдің Байланыс және ақпарат министрлігінің сенбі күнгі мәліметінше, зардап шеккендер саны 16 592 адамға дейін өскен. Табиғи апат салдарынан 16 309 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Бұған дейін Венесуэладағы қос жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 595 адам, жараланғандар саны 12 666 адам болғаны хабарланған. Бұл туралы Ұлттық ассамблеяның төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеген еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Венесуэлада жұқпалы аурулардың өршу қаупі туралы ескертті. Уақытша орналастыру орындарында тұрғындар арасында қызылша, көкжөтел сияқты вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулардың таралу қаупі артқан. Сондай-ақ маса арқылы таралатын денге қызбасы мен лас су арқылы жұғатын ішек инфекцияларының таралу қаупі де жоғары.

Ұқсас жазбалар

Астана күнінде елордада 24 сәби дүниеге келді

6 шілдеде Астана күнінде сағат 00:00-ден бастап елордада 24 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,3 мыңнан асты

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3342-ге жетіп, жарақат алғандар 16,7 мыңнан асты. 6462…

Астана күні елордада 24 сәби дүниеге келді

6 шілдеде Астана күні сағат 00:00-ден бастап елордада 24 нәресте өмірге келді. Бұл туралы қала…