«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы күрт өзгеретінін болжады. Елордада қатты аяздан кейін күн бірден жылынып, жауын-шашын мен көктайғақ болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Астана
8 ақпан: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы күндіз секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -21-23°С, күндіз -7-9°С болады.
9 ақпан: Аспан бұлтты, күндіз жаңбыр аралас қар жауады. Бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -1…+1°С шамасында.
10 ақпан: Күн бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр аралас қар жауады. Бұрқасын мен көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -1…+1°С болады.
Алматы
8 ақпан: Күн бұлтты, түнде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +1+3°С.
9 ақпан: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +7+9°С дейін жылиды.
10 ақпан: Аспан бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +8+10°С.
Шымкент
8 ақпан: Күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +12+14°С.
9 ақпан: Аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +14+16°С.
10 ақпан: Күн бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +10+12°С.

