Categories Ақорда

Президент Жапониямен достықты нығайтуға баса мән берді

Мемлекет басшысы Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимураны қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қабылдау барысында Президент Жапонияның Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес екенін атап өтті. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

«Жапония – біздің Азиядағы негізгі әрі сенімді серіктесіміз. Біз бірлескен жобаларды жалғастыруға дайынбыз», – деді Президент.

Ясутоши Нишимура Қазақстанмен достық қатынастарды нығайтуға үлес қосатынын айтты. Тараптар экономика, мәдениет және білім салаларындағы ынтымақтастықты талқылады.

Ұқсас жазбалар

Президент Телерадиокешені деректі кино шеберханасына айналды – ардагер

Биыл ҚР Президентінің Телерадиокешені 30 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде ұжым елдегі жетекші медиа…

Астанада арнайы оқу-жаттығу өтеді: Индустриялық парк маңында қозғалыс шектеледі

21 маусым күні Астанада күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоаралық арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтеді.

Премьер-министр: Бензин мен дизель тапшылығы болмайды

Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы қауіп-қатерлер аясындағы мұнай өнімдері нарығындағы жағдайға арналған кеңес өткізді. Үкіметтің мәліметінше,…