Categories Жайық news

Үкімет бұғаттаған: Илон Маск Иран халқына Starlink интернетін тегін қосты

Илон Масктың SpaceX компаниясы Ирандағы Starlink спутниктік интернеті үшін абоненттік төлемді алып тастады. Бұл қадам Иран билігінің наразылықты басу мақсатында интернетті толық бұғаттауына жауап ретінде жасалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Bloomberg басылымының жазуынша, бұл ақпаратты америкалық Holistic Resilience ұйымының атқарушы директоры Ахмад Ахмадиан таратқан. Алайда Starlink тарапынан бұл жөнінде әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Иранда Starlink терминалдарын пайдалануға ресми тыйым салынғанына қарамастан, белсенділер құрылғыларды елге заңсыз жолдармен кіргізіп жатыр. Ахмадианның бағалауынша, қазіргі таңда Иран аумағында осындай 50 мыңнан астам құрылғы болуы мүмкін.

Фото: The White House

Ұқсас жазбалар

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы уақытша қызметінен шеттетілді

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешев 3 маусымнан бастап бір ай мерзімге…

Мас күйінде ұсталған Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылуы мүмкін

Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зинуллинге қатысты тәртіптік іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн

Қоршаған ортаны қорғау бүгінде мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Батыс Қазақстан облысында…