Қауіпті аймаққа көпқабатты үйлер салынып жатқаны депутат Бақытжан Базарбектің ашуын туғызды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек елді естен тандырған мәлімдеме жасады: оның айтуынша, мектеп пен аурухана салуға үзілді-кесілді тыйым салынған қауіпті аумақтарда қазір еш кедергісіз көпқабатты үйлер бой көтеріп жатыр. Депутат бұл жерлер жер қыртысының жарықтары – тектоникалық разломдардың дәл үстінде екенін ескертті.

«Балаларға арналған мектеп салуға болмайтын жерге қалайша тұрғын үй кешенін тұрғызуға рұқсат береді?» – деп наразылық білдірді ол.

Базарбектің сөзінше, сейсмикалық қауіп карталары жылдар бойы еленбей, құрылыс саласындағы лоббилердің ықпалы басымдық алып келген. Ол министрліктен бұл мәселеге қатысты нақты әрі ашық жауап талап етіп, қауіпті аймақтарды құрылысқа біржола жабуды сұрады.

Депутат сондай-ақ осы аумақта тұратын азаматтардың көпшілігі өз үйлерінің жер сілкінісі қаупі жоғары аймақта орналасқанын білмей отырғанын айтты.

«Бұл — жай салақтық емес, халықтың өміріне төнген тікелей қатер», – деді Бақытжан Базарбек.

Сурет: orda.kz

Ұқсас жазбалар

Футбол жанкүйерлері Ливия үкімет ғимаратын өртеп жіберді

Ливияда футбол жанкүйерлері төреші шешіміне наразылық білдіріп, үкімет ғимаратын өртеп жіберді.

Тоқаев: Түркия – Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі

Президент Тоқаев Түркиямен сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып жатқанын айтып, оны еліміздің ірі серіктестерінің бірі деп…

Тоқаев Үндістан премьер-министріне көңіл айтты: қайғылы оқиғаға байланысты жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, зардап шеккендерге тілек білдірді.