Тоқаев Түркияның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік марапаты — «Devlet Nişanı» орденін алды. Бұл орден Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шешімімен табысталды.

Тоқаев бұл марапатты зор мәртебе санайтынын атап өтті.

«Мен отандық немесе шетелдік марапаттардан бас тартып келген едім. Алайда бүгінгі орден — ерекше мәнге ие. Бұл – қазақ-түрік ынтымақтастығының жаңа белесі, тамыры ортақ халықтардың достығы мен бауырластығын нығайта түскен тарихи оқиға. Түрік халқының бұл құрметін бүкіл қазақ халқына көрсетілген сый ретінде қабылдаймын», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанды әлемдік деңгейдегі көреген, ықпалды саясаткер деп атап өтті.

«Түркия Сіздің басшылығыңызбен халықаралық аренада беделі жоғары мемлекетке айналды. Елдің экономикалық дамуы, халықаралық ықпалы – Сіздің есіміңізбен тікелей байланысты. Түркияның жаңа алтын дәуірде биік жетістіктерге жететініне сенемін. Біз Түркияның Қазақстанның Тәуелсіздігін ең бірінші болып таныған ел екенін ешқашан ұмытпаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанның Анкарада баспасөз конференциясы өткізгені хабарланған еді.

Ұқсас жазбалар

Депутат тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды: ауылға қолдау қажет пе?

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров Үкіметке минералды тыңайтқыш өндірісін көбейтуді ұсынды.

Ауа райы күрт өзгереді: 14 мамырда жаңбыр мен үсік күтіледі

14 мамырда Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай, тұман және қатты жел күтіледі. Синоптиктер үсік қаупі…

Тоқаев Ердоғанды күтіп алды: екі ел арасындағы байланыс нығая түспек

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты түрде қарсы алды.