Categories Спорт

Нұржан Батырбеков Азия ойындарында алтын алды – Қазақстан қоржынында тұңғыш медаль

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Жағажай Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тұңғыш алтын медаль түсті. Джиу-джитсудан бақ сынаған Нұржан Батырбеков қарсыластарын тізе бүктіріп, ел намысын асқақтатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс өте қызықты өтті. Нұржан әлемдік деңгейдегі мықты балуандармен кездесіп, өзінің шеберлігін дәлелдеді.

«Бұл жеңіс – көп жылғы еңбегімнің жемісі. Қазақстанның туын көтергеніме қуаныштымын», – деді Нұржан Батырбеков.

Қазақстан құрамасы бұл ойындарға бірнеше спорт түрінен қатысып жатыр. Алғашқы алтын медаль командаға үлкен серпін берді.

Ұқсас жазбалар

Астанада өткен шахматтан Қазақстан чемпионатында Сауат пен Зарина топ жарды

Сауат Нұрғалиев пен Зарина Нұрғалиева Астанада өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды.

Қазақстандық жас ауыр атлеттер әлем чемпионатында 5 медаль алды

Мысырда өткен жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды.

Қазақ жасөспірімдері әлем чемпионатында 5 медаль алды: 88 келіде үш жүлде

Қазақ жасөспірімдері ауыр атлетикадан әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Оның үшеуі 88 келіге дейінгі…