Алматыда қарт әйелді ұрған ер адам бұрын адам өлтіргені үшін сотталған

Алматыда қарт әйелді аяусыз соққыға жыққан ер адамның бұрын да ауыр қылмыстар үшін сотталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті 44 жастағы ер адам бұрын адам өлтіргені үшін 11 жыл бас бостандығынан айырылған. Ол түрмеден босаған соң қайтадан қылмыс жасаған.

Оқиға 5 наурыз күні Алматыдағы аялдамада болған. Ер адам 70 жастағы әйелді бірнеше рет ұрып, ауыр жарақат салған.

«Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деді Алматы полиция департаментінің өкілі.

Қарт әйел ауруханада жатыр, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Ұқсас жазбалар

Қамшыбек Ташиевтің ісі сотқа жетті: неге жабық режимде өтеді?

Қырғызстанның бұрынғы ҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиевке қатысты қылмыстық іс құпия түрде сотқа жолданды. Процесс жабық…

13 сәуірде ауа райы құбылмалы: солтүстікте бұршақ, батыста жылы

13 сәуірде Қазақстанның солтүстігінде бұршақ пен күн күркіреуі күтілсе, батыс пен оңтүстікте күн жылы болады.

13 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: үсік пен бұршақ күтіледі

13 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауып, үсік жүруі…