Categories Жайық news

Қазақстан Палестинаға әскер жібереді: Трамп Газа секторындағы жаңа миссияны жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Қазақстан Газа секторына халықаралық тұрақтандыру күштерінің құрамында әскерилер мен полиция қызметкерлерін жібереді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Дональд Трамп төрағалық еткен «Бейбітшілік кеңесінің» отырысында бірқатар маңызды мәселе қаралды. АҚШ басшысы бұл кеңесті өз әкімшілігінің басты жетістіктерінің бірі деп атап, оның арқасында әлемдегі бірнеше қарулы қақтығысты тоқтату мүмкін болғанын жеткізді.

Оның сөзінше, көптеген елдің дипломатиялық күш салуының нәтижесінде Газа секторындағы соғыс аяқталған. Трамп ХАМАС тобының қаруын тапсырып, келісім шарттарын орындауға міндеттелгенін айтты. Сонымен қатар, егер ұйым уәдесін бұзса, қатаң жауап болатынын ескертті.

Трамп Газа секторын қалпына келтіру ісіне Қазақстанның да атсалысатынын атап өтті. Біздің елден бөлек, Әзербайжан, БАӘ, Марокко, Катар, Сауд Арабиясы сияқты мемлекеттер жалпы сомасы 7 миллиард доллардан астам қаражат бөлген. Бұған қоса, АҚШ «Бейбітшілік кеңесіне» 10 миллиард доллар бөледі. Сондай-ақ Қазақстан, Индонезия, Марокко, Мысыр және Иордания аймаққа тұрақтандыру күштерін жіберіп, жергілікті полицияны даярлауға көмектеседі.

Кездесуде Иранмен келіссөздер мәселесі де сөз болды. Трамп Тегеранмен «маңызды мәміле» жасау қажеттігін, әйтпесе оның «жаман салдары» болатынын мәлімдеді.

«Иранда ядролық қару болмауы тиіс, мұны АҚШ өте нақты айтты», – деді АҚШ президенті.

Сонымен қатар ол Әзербайжан мен Армения арасындағы 30 жылдық қақтығыстың реттелгенін де маңызды жетістік деп бағалады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Жайық бойында 11 мың киік қырылды: себебі не?

Қазақстанда 26 мың киік қырылды, оның 11 мыңы Батыс Қазақстан облысында. Себебі – ауа райының…

Оңтүстікте су тапшылығы: лимиттер қысқарды, халық не істеуі керек?

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су тапшылығына байланысты су пайдалану лимиттері қысқартылды. Министрлік суды үнемдеуге шақырады.

12 мамырда ауа райы құбылмалы: Батыста шаңды дауыл, солтүстікте үсік күтіледі

12 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: батыста шаңды дауыл, солтүстікте үсік күтіледі.