Categories Жайық news

АҚШ президенті Ресеймен сауда жасаған елдерге санкцияны құптады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен экономикалық байланыс орнатқан елдерге қарсы жаңа санкциялық заң жобасына қолдау білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сенатор Линдси Грэм әлеуметтік желіде бұл бастамаға Трамп сәрсенбі күні өткен кездесуден кейін «жасыл жарық» берді деп жазды. Заң жобасын республикашылдар мен демократтар бірнеше ай бойы бірлесіп дайындаған.

«Трамп осы құжатты қолдау арқылы арзан ресейлік мұнайды сатып алып, Путиннің соғыс машинасын қаржыландырып отырған елдерді жазалау мүмкіндігіне ие болады», – деді сенатор.

Құжат Ресеймен, соның ішінде оның энергия ресурстарын сатып алып отырған елдермен экономикалық қарым-қатынас жасаған мемлекеттерге санкция салуды көздейді. Айта кетейік, Ресей 2022 жылдан бері Украинаға соғыс ашқан.

Сенатор Грэмнің айтуынша, Қытай, Үндістан және Бразилия секілді мемлекеттер бұл санкциялардың негізгі нысаны болмақ.

«Біз енді бұл заң жобасын екі партия қолдайтын дауысқа салып, келесі аптада мақұлданар деп үміттенеміз», – деді Грэм.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Сенат пен Өкілдер палатасы бұл құжатты баяғыда дайындағанымен, Трамптың Үндістан тауарларына тариф енгізуді жөн санағанына байланысты дауыс беруге шығармай келген.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…