Categories Жайық news

Тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы Олимпиадада 30 жылдық рекордын жаңартты

Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы соңғы 30 жылдағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ұлттық құрама бір алтын медальмен жалпыкомандалық есепте 94 қатысушы елдің арасында 19-орынға тұрақтады.

Ел қоржынына жалғыз алтынды мәнерлеп сырғанаудан құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров салды. Оның жеңісінің арқасында Қазақстан 1994 жылдан бері алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша әлемнің ең мықты 20 спорттық державасының қатарына енді.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық команда қысқы спорт түрлерінен дәстүрлі түрде мықты саналатын Финляндия, Польша және Бельгия сияқты құрамаларды басып озған.

Фото: ҚР ҰОК

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…