Categories Жайық news

Қазақстанда БЖБ мен ТЖБ алынып тастала ма? Министрлік соңғы нүктені қойды

Әлеуметтік желіде мектептердегі БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) мен ТЖБ-дан (тоқсандық жиынтық бағалау) бас тарту туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі бұл қауесетке қатысты ресми жауап берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ведомствоның хабарлауынша, биылғы оқу жылында ешқандай өзгеріс болмайды. Жиынтық бағалау қалады, оны білім беру жүйесінен алып тастау мәселесі қазір қарастырылып жатқан жоқ.

Дегенмен, министрлік бұл жүйенің тиімділігін тексеріп жатқанын растады. Ғалымдар мен сарапшылардан құралған арнайы жұмыс тобы құрылған. Олар 2016 жылы енгізілген қазіргі бағалау жүйесінің қаншалықты объективті екенін және оны қалай жақсартуға болатынын зерттеуде.

«Мамандар жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды. Алайда қазіргі уақытта балалар бұрынғы режимде оқып, тест тапсырып жатыр», – деп атап өтті министрлік.

Сонымен қатар, ведомство бұрынғыдай ауызша емтихан форматына толықтай оралуды жоспарламайтынын мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…