Қазақстанды қорлайтын пікір айтқан кәсіпкер сот алдында көз жасына ерік беріп,кешірім сұрады

Әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сынға қалған 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты сот отырысы аяқталуға жақын. Ол ел туралы дөрекі пікір білдіріп, қоғамның ашу-ызасын тудырған болатын.

Сотта айыпталушы өз әрекетіне өкініш білдіріп, кінәсін мойындады. Сондай-ақ, оның кәмелетке толмаған баласы бар екені ескерілді.

Мұхамадиеваның айтуынша, желідегі жазбасы эмоциямен жазылған және ол ешкімді қорлауды мақсат етпеген. Дегенмен, прокуратура өкілі оның сөзі қоғамдық тәртіпті бұзып, ұлттық намысқа тиетін мазмұнда болғанын атап өтті.

Бүгін кешке сот шешімі жарияланбақ.

Ұқсас жазбалар

70 жылдан кейін Новгородтан табылған жауынгер: «Әкем соғысқа кеткенде анам жүкті еді»

Ақмолалық сарбаз Айшамбек Асыловтың сүйегі 70 жылдан кейін Новгород облысынан табылды. Қызы Күләш әкесінің соғысқа…

Үш күнге ауа райы болжамы: найзағай мен жаңбыр күтіледі

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып,…

Жеңіс күніне арналған пойыздар Астанадан жолға шықты

Астанадан Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік пойыздар жолға шықты. Олар ардагерлер мен жолаушыларға арнайы…