Categories Жайық news

Полиция телефонды тексеруді талап етсе не істеу керек — заңгер кеңесі

Алматы тұрғыны Tengrinews.kz редакциясына хабарласып, себепсіз тоқтатқан полиция қызметкерлерінің одан телефонды көрсетуді сұрағанын айтты. Олар қосымшалар, соның ішінде Telegram-ды тексермек болған.

Халықаралық ALC Attorneys заң компаниясының басқарушы серіктесі Фарид Алиевтің айтуынша, сот шешімінсіз немесе процессуалдық негізсіз телефонды тексеру және парольді сұрау — өкілеттікті асыра пайдалану. Азамат мұндай талапты орындаудан бас тартып, заңда белгіленген тәртіпті сақтауды сұрауға құқылы.

Заңгер ұсынған әрекет алгоритмі:

  1. Қызметтік куәлігін талап етіңіз — полиция қызметкері өзін таныстырып, куәлігін көрсетуі керек.

  2. Телефон — жеке деректер — оны тексеру немесе пароль сұрау үшін заңды негіз қажет.

  3. Тінту тәртібі — қалта, сөмке, рюкзак тек негіз болғанда және куәгерлер қатысуымен немесе бейнетүсірілім арқылы ғана тексеріледі.

  4. Сабырлы болыңыз, бірақ бәрін жазып алыңыз — мүмкін болса, куәгерлердің көзінше видеоға түсіріңіз.

Егер құқықтарыңыз бұзылса, департаменттің ішкі қауіпсіздік бөліміне немесе прокуратураға шағымдануға болады. Телефонды немесе парольді беру — міндет емес, жеке еркіңіз.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…