Categories Жайық news

Илон Масктың Grok AI жүйесі: «Адамдардың суретін бикинимен көрсетуге тыйым салдық»

Илон Масктың X платформасы Grok жасанды интеллектісіне шынайы адамдардың суретін өңдеп, оларды ашық-шашық киіммен көрсетуге тыйым салды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Біз Grok-тың шынайы адамдардың суретін өңдеп, оларды бикини сияқты ашық киімде көрсетуіне жол бермеу үшін шара қабылдадық. Бұл шектеу ақылы жазылушыларды қоса алғанда, барлық қолданушыға қатысты», — делінген Х платформасының хабарламасында.

Бұл шешім Калифорния бас прокурорының мәлімдемесінен кейін бірнеше сағаттан соң қабылданған. Прокурор биліктің осы модель арқылы жасалған, арасында балалардың да суреті бар сексуалды сипаттағы дипфейктердің таралуын тексеріп жатқанын айтқан еді.

Бұған дейін Илон Маск Х платформасын сынаушыларды «сөз бостандығын тұншықтырғысы келеді» деп айыптап, өз сөзін Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің бикини киген екі жасанды суретімен дәлелдеген болатын.

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…