Categories Қоғам

Мысыр әуежайында зардап шеккен қазақстандықтар саны артты

Мысыр әуежайында зардап шеккен қазақстандықтар саны артты. Бұл туралы SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі.

МӘН-ЖАЙ

Әуе тасымалдаушының мәліметінше, дәл сол сәтте қазақстандықтар тіркеуден өтіп жатқан рейске жарнамалық тақта құлаған. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, қалған екі адамға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олар қонақүйде, – деп хабарлады SCAT баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы Шарм-эль-Шейх әуежайымен және туроператорлармен тұрақты байланыста екенін жеткізді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, кеше Шарм-эш-Шейх әуежайының ұшу аймағында рейске отыруды күтіп отырған жолаушылардың үстіне жарнамалық қалқан құлап, қайғылы жағдай болды. Оқиға салдарынан Қазақстан Республикасының азаматы қаза тауып, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алды.

қаза тапқан әйелдің туыстарымен байланыс орнатылып, консул барлық қажетті көмек көрсетіп жатыр. Жарақат алған екі әйелге медициналық көмек көрсетілген, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ұқсас жазбалар

Астанада алғашқы ревматология орталығы ашылды: кезек күту қысқарады

Астанада ревматологиялық ауруларды емдейтін алғашқы мамандандырылған орталық ашылды. Ол науқастардың кезек күту уақытын қысқартады.

Президент: Қазақстан – бейбітшіліктің басты жаршысы

Президент марапаттау рәсімінде Қазақстанның бейбіт саясатын айқындап, кез келген дауды дипломатия жолымен шешу керектігін айтты.

Оралдағы мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі: оқушылар болашақ мамандығын таңдады

Оралдағы №87 мектепте «Profi Day» мамандықтар жәрмеңкесі өтіп, оқушылар болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік алды.