Categories Жайық news

Үндістанда медициналық ұшақ орманға құлады: борттағы 7 адам түгел қаза тапты

Үндістанның Джаркханд штатында науқасты алып бара жатқан медициналық ұшақ апатқа ұшырап, бортта болған жеті адам түгел мерт болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 23 ақпанда тіркелген. Beechcraft C90 әуе кемесі ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң қалың орманға құлаған.

Апат салдарынан күйік шалған науқас, оның екі туысы, бір дәрігер, фельдшер және екі ұшқыш көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшқыштар қатты турбуленттілік пен қолайсыз ауа райы салдарынан басқарудан айырылып қалған.

Оқиға куәгерлері қатты жарылыс дыбысын естігенін, содан кейін орман үстінен қою түтін көтерілгенін айтты. Қазіргі уақытта оқиға орнында авиациялық апаттарды тергеу бюросының комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді

Қазақстандағы ең ірі жаңа кеме Оралда суға түсіріліп, оған Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Кеме «Зенит»…

«ӨСУ КАПИТАЛЫ: АЙМАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Оралда БҚО әкімдігі мен прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» атты инвестициялық форум өтті.…

БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді  

Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл…