Мәжілісте ЛГБТ насихатына заң жүзінде шектеу қою мәселесі талқылануда

Қазақстанда ЛГБТ қозғалысына қатысты заңнамалық өзгерістер қарастырылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін кулуарда мәлімдеді.

Халық қалаулысының айтуынша, үкіметтік емес ұйымдардың зерттеу нәтижелері депутаттар арасында да талқыға түскен. «Комиссияға келген сарапшылар нақты деректерді алға тартты. Біздің қоғамда ЛГБТ насихатының бар екені жасырын емес. Әсіресе әлеуметтік желілерде бұл бағыттағы үгіт-насихат ашық жүргізілуде. Қауымдастық өкілдері өздерін жария түрде таныстырып, түрлі акциялар ұйымдастырып жүр», – деді Жаңбыршин.

Депутаттың сөзінше, мәселе заң аясында реттелуі мүмкін, қазіргі таңда бұл бағытта тиісті ұсыныстар қарастырылып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Сағынтаевпен кездесті: Экономикадағы жасанды интеллекттің болашағы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдап, экономикадағы жасанды интеллектті дамыту мәселелерін талқылады.

Жылдамдық шегі төмендеді деген хабарлама таратқан жігіт ұсталды

Әлеуметтік желіде жылдамдық шегі төмендеді деген жалған ақпарат таратқан адам полицияға ұсталды. Оған қатысты тергеу…

Инвестор құқығын қорғау: Бектенов Президент тапсырмасын іске асыру жолдарын талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша кеңес өткізіп, Президент тапсырмаларын іске асыру жолдарын…