Categories Жайық news

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

  1. 1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті аймақта жұмыс істеген мыңдаған азамат өз өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп, апаттың зардабын азайтуға үлес қосты. Олардың жанқиярлық еңбегі – азаматтық борыштың, ерліктің және жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Бүгінгі шараның басты мақсаты – Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігін ұлықтау, олардың еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі ету және тарихи жадыны жаңғырту.

Жиын барысында ардагерлер облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің, қала әкімі Мұрат Байменовтің Алғыс хаттарымен, сондай-ақ «БҚО Чернобыль АЭС ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар өмірден өткен ардагерлердің жұбайларына құрмет көрсетілді.

Чернобыль апатын жоюшылардың ерлігі – уақыт өтсе де ұмытылмайтын батылдық пен ел алдындағы адал қызметтің үлгісі. Мұндай шаралар бейбіт өмірдің қадірін ұғындырып, ерлік пен еңбекті бағалауға үндейді.

Ұқсас жазбалар

Открытость и гибкость: Казахстан меняет правила игры для иностранных специалистов и инвесторов

Заместитель премьер-министра — министр культуры и информации Аида Балаева выступила с разъяснением новых подходов правительства…

Тоқаев Бірлік күніне орай үндеу жасады: «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтап, «Әралуандықтағы бірлік» формуласы мемлекеттік саясаттың негізі екенін атап…

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…