Categories Жайық news

Курс сатып, көлік ойнатқан: Атышулы блогерлер Жаңабыловтар сотта жауап беруден бас тартты

Астанада заңсыз бизнес пен ақша жымқыру айыбы тағылған танымал инфлюенсерлер Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша басты сот отырысы басталды. Судьяның «кінәні мойындайсыздар ма?» деген сұрағына сотталушылар жауап бермей, үнсіз қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Прокурорлардың пайымдауынша, ерлі-зайыптылар сенгіш оқырмандарына құны жоқ онлайн-курстарды сату арқылы ақша табудың айла-шарғысын ойлап тапқан. Мәселен, олар сабаққа арналған видеоларды YouTube желісіндегі ашық дереккөздерден көшіріп алып отырған.

Айыптау тарапының мәліметінше, адамдарды тарту үшін басты жемретінде қымбат көлік, iPhone және ақшалай сыйлықтар ұтысын пайдаланған. Жарнамада блогердің өзі «сәттілік барабанын» айналдырып, көлік ұтудың өте оңай екенін көрсеткен. Алайда, шын мәнінде ұтысқа ие болу мүмкіндігі өте төмен болған.

Жаңабыловтар сыйлықтарды өз қалтасынан, жомарттық танытып алып бергенін айтқан. Бірақ тергеу барысында жүлде қоры сол «курсты» сатып алған адамдардың ақшасынан жиналғаны анықталды.

Бастапқыда, өткен жазда, блогерлерге заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін тек айыппұл салу қарастырылған. Алайда тексерушілер бақылау мақсатында курсты сатып алып, оның тек ақша жинауға арналған сылтау екенін түсінген соң, іс тергеушілерге жолданып, қылмыстық бапқа ауыстырылған.

Сотталушылардың адвокаттары процесті тоқтатып, істі прокурорға қайтаруды сұрады, бірақ судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Қазір сот отырысы жалғасып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Бірлік күніне орай үндеу жасады: «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтап, «Әралуандықтағы бірлік» формуласы мемлекеттік саясаттың негізі екенін атап…

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…