Categories Жайық news

Иран әуе кеңістігін жапты: Air Astana бірнеше рейстің бағытын шұғыл өзгертті

Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін жабуына байланысты бірнеше рейстің бағытын өзгертетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әуе тасымалдаушысының хабарлауынша, бұл өзгеріс Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға қатынайтын тұрақты және чартерлік рейстерге қатысты.

Енді аталған бағыттар бойынша ұшатын әуе кемелері Иран аумағын айналып өтетін болады.

«Ұшу кестесінде өзгерістер болуы ықтимал, сондықтан жолаушыларға өз рейстерінің мәртебесін алдын ала тексеріп отыруға кеңес береміз», – делінген компания таратқан хабарламада.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім

Орал қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік…

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…