Categories Жайық news

СҚО-да бес жасар қыз тірідей жанып кетті: Анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Солтүстік Қазақстан облысында бес жасар қыз өртеніп кеткен үйден өлі табылды. Қайғылы оқиғаға байланысты оның анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жантүршігерлік оқиға 18 қаңтарда Ольшанка ауылында болған. Жеке тұрғын үйде шыққан өртті сөндіру кезінде құтқарушылар кәмелетке толмаған баланың денесін тапқан.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қыздың анасына қатысты Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі, яғни «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау» бойынша іс қозғалды.

«Аталған баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, ересектер пеш жағып, бес жасар қызын үйде жалғыз қалдырып, есікті сыртынан құлыптап, қонаққа кеткен.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…