Categories Жайық news

Тоқаевқа 20 млн доллар инвестиция тартып, 300 жұмыс орнын ашқан орталық көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

ҚазҰУ басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев Президентке Farabi Hub инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығын таныстырды.

Бұл хаб – инновациялық әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге арналған заманауи платформа. Оның базасында креативті индустрия, жасанды интеллект және стартаптар саласындағы жобалар іске асырылады. Орталық жұмысының нәтижесінде 300 жаңа жұмыс орны құрылып, 20 миллион доллардан астам инвестиция тартылған.

Орталықта ZTE, BASF, Binlin сияқты технологиялық корпорациялардың, сондай-ақ бірқатар жетекші шетелдік ғылыми ұйымдардың зерттеу алаңдары орналасқан. Бұдан бөлек, мұнда ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу институттары да жұмыс істейді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…