Батыс Қазақстанда 15 адам тышқан безгегін жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында бүйрек синдромды геморрагиялық қызба, халық арасында «тышқан безгегі» деп аталатын қауіпті індет қайта өршіп, соңғы айларда 15 тұрғын осы дертті жұқтырғаны анықталды. Дәрігерлер мұндай жағдайдың күшеюіне аймақта кеміргіштердің қалыптан тыс көбеюі ықпал етіп отырғанын айтады. Вирус көбіне дала және үй тышқандары арқылы таралады. Адамға жұғуы үшін кеміргішпен тікелей байланысқа түсу шарт емес, оның нәжісі немесе зәрімен ластанған ауаны иіскеп дем алу – аурудың ең тез таралатын жолы.

Елімізде аталған вирус тек Батыс Қазақстан облысында ғана тіркеледі. Жыл басынан бері барлығы 24 адам медициналық мекемелерге жеткізіліп, стационарлық ем қабылдаған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың басым бөлігі ауыр хәлде түседі: тәбеті жоғалып, жүре алмайтын жағдайға жететіндері де бар. Ауру асқынған жағдайда оның салдары бір айға дейін созылуы мүмкін.

Мамандар індеттің көбіне күз айларында өршитінін ескертеді. Өйткені ауа райы суытқан кезде кеміргіштер жылы орын іздеп үйлер мен қоймаларға жиі кіріп, адамдарға қауіп төндіреді. Биыл тышқандардың көбейіп кетуі жағдайды одан әрі ушықтырып отыр.

Дәрігерлер тұрғындарды тазалықты сақтауға шақырады. Үй мен қора-жайды таза ұстау, азық-түлікті жабық ыдыста сақтау, кеміргіштерді жою шараларын уақытылы жүргізу – індеттің алдын алудың ең негізгі жолдары. Сондай-ақ шаң басқан жерлерді құрғақ тазалаудан аулақ болып, алдымен сулап сүрту ұсынылады. Кеміргіш кіре алатын тесіктерді бітеп, тұрғын үйлерді дезинфекциялау да аурудан қорғайтын маңызды шаралардың бірі.

Мамандар тұрғындарды абай болуға шақырып, белгі байқалған жағдайда өз бетінше емделмей, дереу дәрігерге қаралу қажеттігін ескертеді.

Сурет:Pixabay.com

Ұқсас жазбалар

Тоқаев креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесіне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап, жұмысымен танысты. Қор мемлекет басшысының тапсырмасымен…

Тоқаев экобелсенділермен бірге ағаш отырғызды: «Таза Қазақстан» акциясы басталды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы аясында елордадағы «Самал» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш отырғызды.

Президент «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, көше тазалады

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, көше тазалады. Президент қоқыс жинап, ағаш отырғызуға атсалысты.