Атырауда журналистке «10 млн теңге бопсалады» деген айып тағылды

Атырауда журналистке «10 млн теңге бопсалады» деген айып тағылды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Атырауда 36 жастағы журналист қомақты қаражат талап етті деген күдікпен ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, ол жергілікті кәсіпкерден 10 миллион теңге алып бермесе, компания қызметіне қатысты бейнематериалды жариялаймын деп қорқытқан.

Құқық қорғаушылар күдіктіні қаладағы қонақ үйлердің бірінде қолға түсірген. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушілер бұл іске басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады: мемлекеттік органдар есеп берді

Қазақстанда 46 жаңа экологиялық аймақ құрылады. Бұл туралы Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары баяндады.

Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызып, экологиялық акцияға қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, «Самал» саябағында ағаш отырғызды.

Астанада 10 қабатты үйде өрт: тұрғындар эвакуацияланды

Астанадағы 10 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, ТЖД мамандары оны сөндіруге кірісті. Тұрғындар эвакуацияланды.