Categories Жайық news

АҚШ вице-президенті Гренландия мәселесінде Еуропа мен Данияны сынға алды

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Гренландияға қатысты ұстанымы үшін Еуропа мен Данияны қатты сынады. Ол бұл аймақты АҚШ пен әлем қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы зор деп атады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Вэнстің айтуынша, Гренландия алыс қашықтықтан атылған зымыран шабуылдарын бақылау мен болдырмауда негізгі рөл атқарады. Алайда, Еуропа елдері мен Дания бұл міндетті лайықты түрде атқара алмай отыр.

«Еуропа АҚШ президентінің және бүкіл әкімшіліктің Гренландияның жаһандық қауіпсіздік үшін шешуші рөл атқаратыны жайлы уәжіне мән бермеді», — деді ол Fox News арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол зымыраннан қорғаныс жүйесінің маңызды бөлігі осы аралға тәуелді екенін атап өтті.

«Адамдар зымыранға қарсы қорғаныс инфрақұрылымының бір бөлігі тікелей Гренландияға байланғанын түсінбей отыр», — деді Вэнс.

Айта кетейік, бұған дейін Еуропа елдерінің басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, Гренландияны иемденуге қатысты АҚШ президенті Дональд Трамптың жоспарына қарсы тұрған Данияны қолдады.

Ұқсас жазбалар

Рудныйда 19 жастағы жігітті пышақтап кеткендер кәмелетке толмағандар болып шықты

Қостанай облысында 19 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінген екі жасөспірім ұсталды. Полиция тергеуді бастап…

The Economist жаңа рейтинг жариялады: Қазақстан алтын қорын еселеп, көшбасшылар қатарына енді

The Economist басылымы 2000 жылдан бері алтын қорын ең көп жинаған елдер рейтингін шығарды. Көш…

45 млн теңге шығын келтірген: Испания қашқын кеденшіні Қазақстанға берді

Испанияда үш жыл бойы жасырынып келген бұрынғы кеден қызметкері Қазақстанға экстрадицияланды. Ол 45 млн теңге…