«Бұрын-соңды болмаған бетбұрыс»: Тоқаев Трамптың жаңа бастамасына баға берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, жаһандық тұрақтылықты ілгерілетудегі нақты әрекеттердің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы тарихи жиынды ұйымдастырғаны үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа ризашылығын білдірді. Ол бұл кездесудің жай ғана қарар қабылдайтын конференция емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға бағытталған мақсатты шаралар алаңы екенін айтты.

– Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өтіп жатқан кездесуіміз батыл әрі прагматикалық әрекеттер шешуші рөл атқаратын кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Президент мырза, Сіздің жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуді көздейтін айқын мұратыңыз бен көреген қадамдарыңыз еліміздің Бейбітшілік кеңесіне қосылуына түрткі болды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Бейбітшілік кеңесі – көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын, заман талабына сай бірегей ұйым.

– Әлемде мұндай бастама көтерілген жоқ. Расында, бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс. Өйткені бірге күш-жігер жұмылдырудың арқасында «Жасампаздық арқылы бейбітшілік» атты жаңашыл тұжырымдаманы іске асыруға барлық мүмкіндік бар. Сондықтан, Президент мырза, Сіздің нақты іс-әрекет қана бейбітшілікке берік негіз қалайды деген ұстанымыңызды толық құптаймын, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Оман өкілін қабылдап, экономикалық ынтымақтастықты талқылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтандығы Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарын қабылдады. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты…

Кәріз құдығына түсіп кеткен жұмысшы қаза тапты: Саумалкөлдегі трагедия

Саумалкөлде кәріз құдығын тазалап жатқан жұмысшы ішіне құлап, қаза тапты. Құтқарушылар оны алып шыққанымен, аман…

Тоқаев пен неміс бизнесі: Жаңа инвестициялық серпін бе?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасын қабылдап, инвестициялық ынтымақтастықты талқылады.