Тоқаев 7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы құттықтауында әскери қызметшілердің еліміздің тыныштығы мен тұтастығын сақтаудағы еңбегін атап өтті. Ол қарулы күштердің заманауи талаптарға сай дамып келе жатқанын, жауынгерлердің кәсіби деңгейінің артып отырғанын жеткізді.

Біздің әрбір жауынгер – ел қорғанының тірегі. Олардың адалдығы мен ерлігі – бүкіл халықтың мақтанышы, – деді Президент.

Құттықтауда ардагерлерге де ерекше құрмет көрсетілді. Мемлекет басшысы олардың өнегесі жастарға үлгі екенін айтты. Сонымен қатар, Тоқаев әскери саланы жаңғырту жұмыстары жалғасатынын, жауынгерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық берілетінін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Астанада LRT осы демалыста жолаушыларға жол ашады

Астанада LRT жүйесі 16–17 мамырда іске қосылады. Жолаушыларға алғашқы кезеңде тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстанда ауа райы құбылмалы: синоптиктер не дейді?

Бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы: кей өңірлерде қар жауып, тұман түседі. Батыс Қазақстанда жел күшейіп,…

Үш күнге ауа райы болжамы: суық антициклон әлі де кетпейді

Антициклон суық ауа массаларымен толығып, алдағы үш күнде де Қазақстан аумағында өз әсерін сақтайды.