Categories Жайық news

Иран Қатардағы АҚШ-тың әскери базасына шабуыл кезінде 70-тен астам қазақстандық қалып қойды

Иран Қатардағы АҚШ-тың Әл-Удейд әскери базасына зымыран шабуылын жасады. СалдарынанҚатар астанасы Дохада ондаған қазақстандық елге қайта алмай отыр.

Шабуыл салдарынан Қатардың әуе кеңістігі уақытша жабылып, барлық рейс кейінге шегерілді.

Қазіргі уақытта Доха аспанында әуе дабылдары қосылып, әуе шабуылынан қорғану жүйелері белсенді жұмыс істеп тұр. Бұл жағдай Парсы шығанағындағы шиеленістің күрт ушығуына байланысты болып отыр.

Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, Дохада Астанаға қайтуы тиіс SCAT әуе компаниясының рейсін күтіп отырған 70-тен астам Қазақстан азаматы қалып қойған. Рейс тоқтатылғаннан кейін жолаушылар уақытша Millennium Central Doha қонақүйіне орналастырылған.

Алайда туристердің айтуынша, көрсетілген жағдай көңіл көншітпейді.

«Авиакомпания арзан қонақүйді таңдаған, тек таңғы ас қарастырылған. Арасында кішкентай балалар мен қарт адамдар бар. Кейбірінің жеке тамақ алатын мүмкіндігі жоқ. Ал SCAT алдағы күндері ұшақ жібере ме – ол да белгісіз», – деп жазады Козачков.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…