Categories Әлем

Ормұз бұғазы жабылса, дәрі-дәрмек қымбаттайды – академик

Ресей ғалымы Геннадий Онищенко Ормұз бұғазының бұғатталуы дәрі-дәрмек бағасына тікелей әсер ететінін ескертті. Оның айтуынша, бұл жағдай фармацевтикалық шикізаттың жеткізілуін қиындатады.

«Ормұз бұғазы – дәрі-дәрмек өндірісінде қолданылатын шикізаттың негізгі транзиттік жолы. Егер ол жабылса, бағаның өсуі сөзсіз», – деді академик.

Мамандар бұл мәселе Қазақстанға да қатысты екенін айтады. Өйткені еліміз дәрі-дәрмектің 80 пайызын шетелден әкеледі.

Ормұз бұғазы арқылы әлемдік мұнайдың 20 пайызы тасымалданады. Геосаяси шиеленіс салдарынан бұл жолдың жабылу қаупі артып отыр.

Ұқсас жазбалар

Мәскеуде Жеңіс парады: Қызыл алаңда 81 жылдық салтанат

Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад басталды.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында көлік кептелісі: Қапланбекте кезек ұзарды

Қапланбек өткізу бекетінде Қазақстаннан Өзбекстанға өтетін бағытта көлік кептелісі пайда болды. Шекара қызметі жағдайды тұрақтандыру…

Франция елшілігі Астанада қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етті

Астанадағы Шарль де Голль ескерткіші алдында Франция елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыста француз партизан отрядтарында шайқасқан…