Categories Жайық news

Нұрай Серікбай ісі: Тоқаевтың сынынан кейін Шымкенттің бас полицейі қызметінен босатылды

Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған істен кейін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Алмасбеков қызметінен алынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігі жүргізген қызметтік тексерудің қорытындысы осындай шешімге негіз болды. Н. Алмасбековпен бірге оның бірінші орынбасары да лауазымынан босатылып, тағы бірнеше полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды.

Бұған қоса, ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті марқұмның отбасының арыз-шағымдарын тиісінше қарамау ықтималдығына байланысты соталды тергеуді бастады. Оның аясында полицияның өтініштерді қалай қабылдағаны және қаншалықты уақтылы әрекет еткені тексеріліп жатыр.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл іске қатысты Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға Шымкент полициясының жұмысына құқықтық баға беруді тапсырған еді. Мемлекет басшысы мұндай қылмыстарға мүлдем жол беруге болмайтынын қатаң ескерткен болатын.

Министрлік істің объективті тергелуін қамтамасыз ету үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылғанын және тергеу барысы ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…

БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді  

Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл…

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті: арнайы дабыл қосулы болған

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға кезінде арнайы дабыл шамдары қосулы болған.…